11.11.2022 _ 14:48

Мемлекет басшысы Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал екті.
фото с сайта akorda.kz

Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астаналарында көшеттер бір мезетте отырғызылды.