14.11.2022 _ 10:58

Түркістан қаласында күздік маусымда 120 мыңнан астам ағаш егіледі

2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 120 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Оның ішінде мыңнан астамы жеміс ағашы болады. Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 млн шаршы метрге жетті. 70 мың шаршы метрге түрлі гүлдер егілген. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен. 

Қалада егілген ағаштардың басым бөлігін қысқа қарағаш, айлант, ірі жапырақты қарағаш, үйеңкі, ясень, тұт ағашы, форзиция, аморфа, богрянник, қарағай, айва, сириялық раушан, сирень, боз арша, акация, софора, форзиция, алма, терек және өзге де ағаштар құрайды.