14.11.2022 _ 11:10

Елімізде өрт санының аздап төмендегені байқалуда

Елімізде жыл сайын 12 мыңнан астам өрт орын алады, оның салдарынан 400 астам адам қаза табады. Бұл ретте өрттердің және қаза тапқан адамдардың негізгі үлесі тұрғын үй секторында тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков хабарлады.
Елімізде өрт санының аздап төмендегені байқалуда

«Қазірдің өзінде республика бойынша 835 өрт тіркеліп, 16 адам қаза тапты. Былтырғы жылмен салыстырғанда, өрт саны мен адам өлімінің аздап төмендегені байқалуда», - деді спикер.