14.11.2022 _ 11:50

ТЖМ азаматтарға қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға кеңес береді

Қазіргі кезде ел бойынша 600 мыңнан астам рейд пен аралау жүргізілді. Өрт қауіпсіздігінің 100 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков осындай мәліметтерді жария етті.

«Жанғыш материалдарды жылыту құрылғыларының жанында дұрыс сақтамау, заттарды пештің үстінде кептіру және басқалары сияқты бұзушылықтардың негізгі бөлігі сол кезде жойылады, қалғандары бойынша ұсыныстар беріледі. Осыған байланысты азаматтарымызға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырамын. Яғни, газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында сақтамаңыз, кірді және басқа заттарды пештің үстінде кептірмеңіз, мүмкін болса, мұржаларды тазалаңыз», - деді Күлдіков