14.11.2022 _ 13:51

Президент АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады.
фото с сайта akorda.kz

Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.