16.11.2022 _ 14:50

Пилоттық режимде 4 университет негізінде интегралды GPA енгізілді

Еңбек нарығын практик-мамандармен қамтамасыз ету үшін биыл қыркүйек айынан бастап, 7 университетте пилоттық режимде жоғары білім дәрежесінде қолданбалы бакалавриат бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Бұл бағдарлама негізінде жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатылып, «практикада білім алу» приципі қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлады.
Пилоттық режимде 4 университет негізінде интегралды GPA енгізілді

Сондай-ақ пилотты режимде 4 университет негізінде интегралды GPA енгізілді. Оқытудың нәтижесі – академиялық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік GPA симбиозы болады. Бұл шара студенттердің университеттердегі стартап-жобаларға, ғылыми-зерттеу, спорттық, әлеуметтік және волонтерлік жұмыстарына қатысуына ықпал етеді.
Сондай-ақ университеттердің кадрлық және зерттеу әлеуетін арттыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 


«Басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру үшін дарынды басқарудың (talent management) принципі бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс берушілердің, бизнес-құрылымдар корпоративтік басқаруға тартылады. Бұл бағытта өткен аптада Қазақстанның тәуелсіз Директорлар қауымдастығы QID-мен меморандумға қол қойылды. Топ-менеджерлер мен қызметкерлер үшін кәсіби даму бағдарлама өткізіледі. Ғылымды қолдау мен интеллектуалды әлеуетті дамыту үшін отандық 20 бәсекеге қабілетті университеттер негізінде Академиялық артықшылық орталықтарын құру жоспарлануда. Бұдан бөлек, университеттердің ғылыми-зерттеу университеттеріне трансформациялау бойынша  шаралар жүзеге асырылды. Бұл шара – университеттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін көтеруге ықпал етеді, ғылыми жобаларды коммерцияландыру және халықаралық басылымдардағы ғылыми жарияланымдар деңгейін арттырады», – деді вице-министр.