20.11.2022 _ 13:30

Адамдар жақсы көңіл-күймен дауыс береді - Палестинаның Қазақстандағы Елшісі

Менің қайда баратынымды жеке көмекшім ғана біледі. Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасыр Абузейд сайлау учаскелеріне тосыннна барудың әсері туралы айтып берді.
Адамдар жақсы көңіл-күймен дауыс береді - Палестинаның Қазақстандағы Елшісі

Осылайша, ол байқаушылар мен ұйымдастырушылар бәрін алдын ала біліп отырады деген пікірді жоққа шығарды.   

«Біз таңертең бірқатар учаскені араладық және олардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бақыладық. Ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ. Адамдар жақсы көңіл-күймен, өз еркімен, ешқандай қысымсыз дауыс беруде. Жергілікті байқаушылардан ешқандай шағым келіп түскен жоқ. Мен Қазақстанда – президенттік сайлауда, парламенттік сайлауда, референдумда халықаралық байқаушы ретінде төртінші рет қатысып отырмын. Қазақстан халқын қазір елімізде жүргізіліп жатқан табысты экономикалық және саяси реформалармен құттықтаймын. Бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілеймін», - деді спикер.