«Бүгін таңертең бірнеше учаскеге бардым. Ең бірінші айта кетерлік жайт, сайлаудың ұйымдастырылуы мен ашықтығы. Сонымен қатар көптеген сайлаушыларда мақтаныш, үміт, оптимизм сезімін байқадым. Көбісі суретке түсіп жатты. Жалпы біз учаскелерде болған кезде бұзушылықтар тіркелген жоқ», - деді спикер.
Саясаттанушы, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы, Халықаралық Кавказ университетінің профессоры Вахтанг Маисая (Грузия) басқа елдердегі әріптестер үшін үлгі боларлық жайтқа тоқталды.
«Мен таңертеңгі сағат 8-ден бастап жеке мониторинг жүргіздім. 18 сайлау учаскесін араладым. Бастамашылықты, транспаренттілікті байқадым, сайлау барысы Қазақстан заңнамасы мен халықаралық рәсімдерге сай ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Сағат 12.00-ге дейін сайлаушылар көптеп келіп жатты, мен мониторинг жүргізген учаскелерде шамамен 10-15% болды. Айта кету керек, бұл басқа елдер үшін үлгі аларлық жағдай, әсіресе посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер үшін, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабиналар мен урналар орнатылған. Бұл сайлау барысындағы маңызды жайт. Меніңше сайлау жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жақсы өтіп жатыр. Сайлаушылар өз таңдауларын жасап, жоғары саяси мәдениет көрсетуде. Мен мұны саясаттанушы және саясаттану ғылымдарының докторы ретінде айтып отырмын. Бұл қуанышты фактор», - деді спикер.