20.11.2022 _ 20:30

Т.Құнәділов: Байқаушылар сайлаудың әділ және таза өтуіне септігін тигізіп жатыр

Бүгін байқаушылар тарапынан ауқымды жұмыс атқарылды. Жұмыс әлі аяқталған жоқ. Қазір барлық өңірлерде сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау басталды. «Біздің ел – біздің таңдау!» онлайн марафонында өткен брифингте «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ төрағасы Төлеген Құнәділов байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірген азаматтарға алғысын білдірді.
Т.Құнәділов: Байқаушылар сайлаудың әділ және таза өтуіне септігін тигізіп жатыр

«Бұл үлкен еңбек. Таңғы сағат алтыдан бастап, дауыс санау қашан аяқталатыны белгісіз, барлық күш-жігерін жинап, осы науқанның әділ және таза өтуіне септігін тигізіп жатыр. Жалпы, сайлау барысында ауысыммен 22 мыңнан астам, сондай-ақ үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге 1230-дан артық байқаушы қатысты. Қорытынды ақпарат ахуалдық орталықтар арқылы жинақталып, талдап, дайындалатын болады», - деді спикер.