20.11.2022 _ 23:15

Exit poll: сайлаушылардың 82,45% Қ. Тоқаевқа дауыс берді

2022 жылғы 20 қарашада «Ашық қоғам» халықаралық өңірлік зерттеулер институты «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша сайлау учаскелерінен шыға берісте ел тұрғындарының арасында сауалнама жүргізді. Ел президенті сайлауының нәтижелеріне мониторинг Exit-poll әдістемесі бойынша «қар ұшқыны» әдісімен жүзеге асырылды. «Біздің ел – біздің таңдау!» онлайн марафонында өткен брифингте Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтанудан PhD докторы Нұрлан Байғабылов сауалнама нәтижелерімен таныстырып өтті.

Барлық өңірлерде орналасқан 354 сайлау учаскесінде 1062 интервьюер, Қазақстанның 304 мыңнан астам азаматына сауалнама жүргізді. Әлеуметтанулық зерттеудің қателігі шамамен ± 2%-дық тармақты құрайды.  
«Сауалнама барысында мынадай алдын ала нәтижелер алынды: сайлаушылардың келуі 68,7%-ды құрады.

«Сіз өз дауысыңызды ел президенттігіне кандидаттардың қайсысына бердіңіз?» деген сұраққа  төмендегідей жауаптар алынды:

Әбден Қарақат – 2,54 пайыз,

Әуесбаев Нұрлан 2,17%,

Дайрабаев Жигули – 3,33%,

Қажыкен Мейрам – 2,23%,

Тоқаев Қасым-Жомарт – 82,45%,

Тұрсынбекова Салтанат – 2,08%,

бәріне қарсымын - 5,2%», - деді спикер.