22.11.2022 _ 08:27

ҚР СІМ: шетелдегі қазақстандықтардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу қорытындылары туралы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет елдердегі ҚР мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты аяқтады. Шетелдегі қазақстандықтар арасында дауыс беруде жоғары белсенділік байқалды.
ҚР СІМ: шетелдегі қазақстандықтардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу қорытындылары туралы

Шет елдердегі ҚР мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған. Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. 11 360 ҚР азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің келуінің 88,47%-ын құрады.

ҚР азаматтарының көпшілігі Ресейде дауыс берді (2600 адам), сайлаушылар саны бойынша екінші орында Түркия (1423 адам), ал үшінші орында Өзбекстан (591 адам).