23.11.2022 _ 14:20

Жыл соңына дейін жолдардың ақылы учаскелерінде абоненттік төлем енгізіледі

Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайтын автожолдардың 11 ақылы учаскесі жұмыс істейді. Олар 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілген болатын. Бүгінгі күні барлық ақылы учаскелерде 2013 жылғы тарифтер қолданылады, бұдан басқа жыл соңына дейін келесі тарифтерге сәйкес көлік құралдарының барлық түрлері үшін абоненттік төлем енгізілетін болады.
Жыл соңына дейін жолдардың ақылы учаскелерінде абоненттік төлем енгізіледі Иллюстративное фото с сайта inform.kz

Тарифтер мынадай: жеңіл автокөліктер - 1 жылға 1000 теңге;. 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 2 АЕК, жылына 20 АЕК; 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 4 АЕК, жылына 40 АЕК; 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 6 АЕК, жылына 60 АЕК; 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 8 АЕК, жылына 80 АЕК; 15 тоннадан астам жүк көліктері – айына 10 АЕК, жылына 100 АЕК. 


«Айта кету керек, абонентті көлік құралыңыз осы ақылы жолдарға іргелес елді мекендер мен кенттерінде есепте тұрған жағдайда ғана ресімдеуге болады. Абонементтерді ресімдеу тәртібі жақын арада «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сайтында пайда болады. 2023 жылы ақылы жүйені II техникалық санаттағы автожолдардың 2,5 мың шақырымына нормативтік жағдайға келтіруіне қарай енгізілетін болады», - деді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.