23.11.2022 _ 14:50

Орындаушы барлық тәуекелдерді өз мойнына алады. Автожол жобалары EPCM қағидаты бойынша іске асырылатын болады

Саланы реформалау аясындағы жаңашылдықтардың бірі - автожол жобаларын EPCM келісімшарты қағидатына көшіру және іске асыру болып табылады. ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, келісімшарттың негізгі артықшылығы, оның құны техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалық-сметалық құжаттамаға байланбайды, ірілендірілген бағалар бойынша айқындалатын болады.

«EPCM келісімшарттары өздерін шетелдерде дәлелдеді. Аталған қағида бойынша бір орындаушы жобаның толық өмірлік циклін жүзеге асырады, яғни жобалау сатысынан бастап осы учаскені одан әрі 10 жыл бойы күтіп ұстайды. Сондай-ақ орындаушы жоба құны қымбаттаған жағдайда барлық тәуекелдер мен жауапкершілікті өз мойнына алады. Оның ішіне орындалған жұмыстардың тиісті сапасы, жобаны уақытылы іске асыру, одан әрі күтіп-ұстау бойынша міндеттемелер кіреді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.