24.11.2022 _ 14:10

Алаяқтықпен күрес. Биыл 8,5 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды.

Интернет-алаяқтық және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың саны күн сайын артып келеді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың шегі жоқ екені мәлім. Біздің еліміздің ғана емес, Орталық Азия мен Еуропаның да сенгіш азаматтары бұр тұзаққа қайта-қайта түсуде. Сондықтан, аталған міндеттерді бақылай отырып, біз өскелең ұрпақтың бойында тиісті иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, тіпті білімді және қызметтегі азаматтардың өзі де алдану қаупінен сақтанбаған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді. 


Оның айтуынша, бұл қаржылық қауіпсіздіктің негізгі тұстарын білмеуден болады. Мұндай дағдыларды мектеп қабырғасынан бастау керек. 


«Жаңа қаржы өнімдерінің, оның ішінде интернет кеңістігінде тізімі жыл сайын өсіп келеді, ал оларға деген қолжетімділік жаңаруда. Біздің елімізде балалар 10 жасынан банк карталарын пайдалана алады. Қаржылық мониторинг агенттігі қазірдің өзінде алаяқтықтың қаржы пирамидаларын құру және басқару сияқты түрлеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдірді. Салымшылардың қаражатын осындай схемаларға жаппай тарту тәуекелдерін жою үшін әлеуметтік желілердің сайттары мен аккаунттары бұғатталады. Тек биылғы жылдың өзінде 8,5 жуық интернет-ресурс бұғатталды», - деді спикер.


Осыған ұқсас алдын алу жұмыстары қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтардың басқа да түрлері бойынша жалғасуда.