24.11.2022 _ 14:20

АФМ қызметкерлері мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізді

Туындайтын міндеттерді жүйелі шешу үшін Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған қаржылық мониторингті дамыту тұжырымдамасын бекітті, оны іске асыру үшін Агенттік білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қаржы қауіпсіздігі жөніндегі тақырыптарды енгізу мәселелеріне бастама берді. Биылғы оқу жылында мектептер мен университеттерде Агенттіктің аумақтық Департаменттерінің қызметкерлері алғаш рет «Қаржылық қауіпсіздік» бойынша дәрістер өткізіп, онда қаржылық қылмыстар саласындағы ең өзекті қоғамдық мәселелер қозғалды. ОКҚ алаңында ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдегендей, оқушылар оқушылар мен олардың оқытушылары Экономикалық тергеп-тексеру қызметкерлерінің жеке өздерінен банктік карталармен, интернет-дүкендермен, қаржылық пирамидалармен және лудомания мәселелерімен байланысты қаржылық алаяқтықтың күрделі схемалары жайында дәріс алды.

«Оқу жылының басынан бері 17 мыңға жуық оқушылар мен студенттер қамтылды, олардың ішінде 300-ге жуық мектеп, 34 жоғары оқу орындары, 40 колледж бар. Оқу жылында қаржылық қылмыстардың түрлері мен тәсілдері туралы, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды, блокчейндер мен криптовалюталарды қолдану арқылы тақырыптық сабақтар сериясы жоспарланған. Аталған білімді кеңінен тарату әрбір азаматтың елдің экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке үлесін қосуды қамтамасыз етеді. Халықаралық сарапшының пікірінше, ерте қамтылған профилактикалық амалдары, қылмыстың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Осындай іс-шаралар арқылы жас қазақстандықтар экономикалық және қаржылық қауіпсіздік саласында баға жетпес тәжірибе алады.  Неғұрлым сапалы және сындарлы тәсіл үшін Агенттік неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерді іріктеу және даярлау, жүйелі негізде лекциялық және ақпараттық сабақтар өткізу бойынша жұмыс жүргізеді», - деді спикер. 


Халықаралық әріптестердің шешендік шеберлік бойынша жаттықтырушылардың және білім басқармасы өкілдерінің қолдауымен қаржылық қауіпсіздік негіздерін оқыту әдістемесі бойынша Лекторлар пулына арналған курстар өткізілді. Мұндай іс-шараларды масштабын кеңейту аймақтардағы қаржылық қылмыстарға қарсы күрестің жағдайын жақсартады.