30.11.2022 _ 12:00

Тұрғындардың шығыны өтеледі

Тұрғындарға келтірілген барлық шығынды компания иелері толық өтейді. Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз қаласының жылу желілерінің ағымдағы жағдайы туралы брифингте осылай деді.

«Жылытқыш құрылғылар Екібастұз тұрғындарына тегін берілді. Оларды қайтару қажет емес. Басқа шығындарды компания толығымен қайтарады. Ешкім шығын шығармайды», - деді С. Жұманғарин.