30.11.2022 _ 12:10

Басқарушы компаниялар, меншік иелері өз қаражатын жұмсауы керек – вице-премьер

Екібастұздағыдай жағдайдың қайталанбайтынына кепілдік бар ма? Бұдан кейін Үкіметтің осы салаға деген көзқарасы өзгере ме? Бұл оқиға реформалардың басталуына себеп бола ма? Бүгін Екібастұз қаласының жылу желілерінің ағымдағы жағдайы және температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өткен брифингте спикерлерге журналистер осындай сұрақ қойды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тиісті жұмыстардың басталып кеткенін айтты.

«Бұл бірінші ТЖ емес. Былтыр Петропавлда, Солтүстік Қазақстан облысында, жақында ШҚО-да болды. Бұл да сигнал. Инфрақұрылым тозып, оларды жаңартатын уақыт келді. Президент те өз Жолдауында «Тарифті инвестицияларға алмастыру» жаңа бағдарламасын жасау керек деп айтты. Басқарушы компаниялар, меншік иелері өз қаражатын жұмсауы керек. Мысалы, инвестициялық тарифті алу үшін олар өзінің жеке қаражатын салу керек. Кемінде 20%. Сонда Үкімет оларға инвестициялық бағдарлама, инвестициялық тариф бекітіп қабылдайды. Қазір оны Экономика министрлігі дайындап жатыр. Нәтижесін жақында көреміз», - деді С. Жұманғарин өз жауабында