30.11.2022 _ 14:39

Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
фото с сайта akorda.kz

Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сонымен қатар, Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша тиісті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстар жайындағы лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.

Комиссия соңында тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар берілді.