Ірі автожол жобаларын іске асырудың, атап айтқанда, қытайлық компания бас мердігер болып табылатын «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» республикалық трассаларын реконструкциялаудың, сондай-ақ жалпы жол-көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары стратегиялық әріптестік рухында барлық жұмыстарды табысты аяқтау үшін туындайтын мәселелерді жедел шешуге дайын екендіктерін білдірді.