06.12.2022 _ 10:31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті фото с сайта akorda.kz

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.