06.12.2022 _ 15:16

Итбалықтар популяциясын сақтау үшін Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құрылады

Бұл туралы Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда табиғи-ғылыми негіздеме (ТҒН) әзірленуде. Оны келесі жылдың қаңтарында алуды және одан әрі технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз», - деді Серікқали Брекешев

Сонымен қатар табиғи балық ресурстарын сақтау бойынша шаралар қабылдануда. Ең алдымен, бұл браконьерлікпен күрес, оны Мемлекет басшысы, әсіресе Жайық-Каспий бассейнінде күшейтуді тапсырды. 

«Осы тапсырманы орындау үшін қосымша шаралар белгіленді. Бұл балық инспекцияларын заманауи материалдық-техникалық құралдармен толық жарақтандыру, табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және заңсыз балық аулау үшін жауапкершілікті қатаңдату. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасы шеңберінде браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейтуді пысықтаудамыз (ҚР Парламенті Мәжілісіне 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына енгізу)», — деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.