07.12.2022 _ 14:40

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға әкімшілік айыппұл салынып, экологияға келтірілген залалды қайтару бойынша нұсқама берілді

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ облыстың атмосфералық ауасын ластауға қосқан үлесі 25,5% құрайды. Өңір бойынша жалпы шығарындылар саны 136 мың тонна. Соңғы екі жылдың ішінде кәсіпорын 12 рет мемлекеттік экологиялық бақылаудан өтті. Тексерулер нәтижесінде нормативтен тыс шығарындылардың бұзылуы және іргелес аумақтың, соның ішінде ұңғымадағы топырақтың ластануы анықталды.
«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға әкімшілік айыппұл салынып, экологияға келтірілген залалды қайтару бойынша нұсқама берілді Иллюстративное фото с сайта kaztag.kz

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың мәліметінше, нәтижесінде 228,6 млн теңгеге 96 әкімшілік айыппұл салынып, экологияға келтірілген 792 млн тенге көлеміндегі экономикалық залалды қайтару бойынша нұсқама берілді.

 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына кірген жоқ, өз кезегінде компания Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасының 4 тармағын орындау бойынша міндеттемелер алды. Екі кен орнының санитарлық-қорғау аймағында автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылған. Жұртшылықтың пікірін және қоғамдық тыңдаулар өткізуді ескере отырып, қазіргі уақытта Шұбаршы, Кеңқияқ және Қандыағаш елді мекендерінде шығарындыларды азайту, сондай-ақ Шұбаршы кентінде жасыл белдеу құру жөніндегі іс-шаралар енгізілген жаңа Жол картасы әзірленуде», - деді Жолдасов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында. 


«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бірегей «Көкжиде» жер асты сулары кен орнында 26 ұңғымасы бар. Қазіргі уақытта олардың қызметін тоқтата тұру және кен орнынан толық шығару туралы мәселе пысықталуда.