08.12.2022 _ 18:53

Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
фото с сайта akorda.kz

Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.