13.12.2022 _ 14:40

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тәжірибесі әр өңірге бейімделіп, дамытылады

Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлерге ішкі ұтқырлықты ынталандыру және елімізде біркелкі демографиялық өсуді қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты.
Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тәжірибесі әр өңірге бейімделіп, дамытылады

«Еліміздің көші-қон саясатындағы теріс баланс арқылы немесе азаматтары көп, ал туу көрсеткіші төмен болуына байланысты оңтүстік өңірлерден, жұмыс күші көп өңірлерден солтүстік өңірлерге азаматтарды көшіру арқылы тепе-теңдікті ұйымдастыру қарастырылған. Ол үшін жұмыс орындарын ашу арқылы оңтүстіктегі дамыған мекемелерді солтүстікке көшіру жоспарланған. Сондай-ақ Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тәжірибесін әр өңірге бейімдеп, дамыту мәселесі қаралды. Қандастар мен қоныс аударушылардың баспана мәселесін шешу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшеріндегі шығындарын өтеуге мүмкіндік беретін экономикалық ұтқырлық сертификаттарын тапсыру көзделіп отыр. Биыл 8086 азаматты көшіру жоспарланса, қазіргі уақытта 7553 адам көшірілді, жоспар 93,3%-ға атқарылды. Осы жұмыс одан әрі жалғасады», - деді спикер.