14.12.2022 _ 09:35

2023 жылы ғылымның цифрлық экожүйесін іске асыру жоспарланған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми қызметтің ашықтығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы жетістіктерді ескере отырып, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің конкурстық рәсімдерін өткізу үшін цифрлық платформа құруды және қолданыстағы платформаларды ықпалдастыруды көздейтін Қазақстан ғылымының цифрлық экожүйесін құруға бағытталған іс-шаралар да жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов егжей-тегжейлі айтып берді.

«Осы бағыт шеңберінде министрлік ғылым саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыруды жүзеге асыратын бірқатар ақпараттық жүйені цифрландыруды жоспарлап отыр, яғни барлық деректерді шоғырландыратын бірыңғай экожүйені іске асыру бөлігінде пысықтау және дамыту көзделген. Қазақстандық ғылыми дәйексөз индексі, есептілікті талдау модулі, репозиторий модульдерін автоматтандыру, ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу, мемлекеттік есеп және басқа модельдер модульдерін іске асыру жоспарлануда. Жұмыс тобы тәсілдер, көзқарастар қалыптастырады, бүкіл процесті толығымен автоматтандыру үшін осы жүйеге ғылыми қызметтің барлық субъектілері тартылады. Келесі жылы қалыптасқан пайымды іске асыру қолға алынады», - деді вице-министр.