14.12.2022 _ 12:00

Қайталанатын дағдарыстар әлемдегі және ислам елдеріндегі азық түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді

Азық-түлік Қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымында ислам елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық орнату маңызды рөл атқарады. Бұл жауапкершілікті арттыруға, күш-жігерді біріктіруге және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы үйлестірудің тиімділігін арттыруға мүдделіліктің белгісі. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері туралы хабардарлықты арттыру және барабар салауатты теңдестірілген тамақтануды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға қол жеткізу, сондай-ақ тұрақты дамуға, әлеуметтік тұрақтылыққа, ислам халықтары үшін лайықты өмірге қол жеткізу үшін оны тиісті бағамен және қажетті сапада алуға байланысты әлеуетті арттыру өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының атқарушы кеңесінің төрағасы Доктор Масуд Джаралла Әл-Марри мәлімдеді.
Қайталанатын дағдарыстар әлемдегі және ислам елдеріндегі азық түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді

 

«Бұл қазіргі жағдайға, әлемдегі және ислам елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қайталанып отырған дағдарыстарға байланысты болады, бұл осы мәселелерге төтеп беру үшін азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға күш-жігер мен әлеуетті арттыруды қажет етеді. Дағдарыстың шиеленісуі және халықаралық азық-түлік жеткізу тізбегінің бұзылуы немесе су тапшылығы, климаттың өзгеруі, оның ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісіне кері әсері сияқты әлем алдында тұрған артып келе жатқан мәселелер ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерді азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне көбірек көңіл бөлуге, қиындықтар мен мәселелерді талқылауға және қолайлы шешім мен дағдарыстың өзгеріп отырған жағдайларына бейімделуге және оларға төтеп бере алатын тиімді саясат стратегияларын іздеуге итермелейді», – деп атап өтті спикер.  


Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі өзінің тұрақты жұмысын растайды, сараптамалық білім береді, сондай-ақ техникалық жәрдем көрсетеді, бағалайды, азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын қадағалайды, жалпы ауыл шаруашылығы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруды және барлық технологияларды беру жұмыстарын үйлестіреді.