14.12.2022 _ 16:25

Талауға жол бермеді. Бас прокуратура жараланған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге көмек көрсеткен азаматтар туралы айтып берді

Жалпы, «қаңтар оқиғалары» бойынша 1 350 адамға қатысты 673 іс сотқа жіберілді, оның ішінде 1 113 азамат сотталды. 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеу сатысында. Бас прокуратураның 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжановтың айтуынша, мәселен, Қызылордадағы тәртіпсіздіктер кезінде қаскүнемдер жүк көлігін басып алып, Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің әскери қызметшісі Қайсаровқа шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

«Қылмыс фактісі осы жылдың басында әлеуметтік желілерде кеңінен таралған видеода түсірілген. Осы қатыгез қылмысты жасағаны үшін кінәлі адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәртіпсіздіктердің шыңында да полиция қызметкерлері өлім қаруын қолданбады, бірақ шабуылдаушыларға қарсы қолда бар арнайы құралдарды пайдаланды. Дәл осы себепті жараланғандардың басым бөлігі қауіпсіздік күштерінің арасында болды. Сол күндері әртүрлі жарақаттармен 3 393 құқық қорғау органдарының қызметкері ауруханаға жатқызылды. Олар өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін адал орындады. Азаматтардың құқықтық тәртібі мен тыныштығын қамтамасыз етті. Кейбір саналы азаматтар тұтқынға түскен және жараланған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге көмек көрсетіп, оларды көпшіліктің талауына тастауына жол бермеді», - деді Қилымжанов.