14.12.2022 _ 16:50

Қаңтар оқиғасына қатысқан 1 071 адамға рақымшылық жасалды - ҚР БП

Осы жылдың 3 қарашасынан бастап «қаңтар оқиғалары» барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты «Рақымшылық туралы» ҚР Заңының ережелері күшіне енгені белгілі. Қазіргі уақытта 1 071 адамға рақымшылық жасалды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

Атап айтқанда, тергеу органдары сотқа дейінгі кезеңде ауырлығы орташа қылмыс жасаған 8 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.


«Сот 9 адамға қатысты істерді тоқтатты, үкім шығарылған кезде 77 адамға жаза мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ соттар 902 сотталушының жазалау мерзімін қысқартты, оның 827-сі есеп беретін пробациялар, ал 75-і жазадан босатылды. Өткен ай ішінде рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам, ал пробациялық бақылаудан 68 адам босатылды», - деді спикер.


Сондай-ақ ол қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының сақталуы және заңдылық қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті. Жаңа мән-жайлар анықталуына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады. Прокурор тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.