Оның айтуынша, биыл Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржылық қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде гранттық қаржыландыру жүйесі қайта қаралды.
«Заң нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып гранттық қаржыландырудың жаңа қағидаларын әзірледі. Мемлекет басшысы заңға 4 шілдеде қол қойды. Қажетті құқықтық-нормативтік база дайындалып, олар 1 қаңтардан бастап іске асырылады», - деді спикер.
Айта кетейік елімізде барлығы 17 мыңнан астам ҮЕҰ жұмыс істейді, 21 мыңнан астам қоғамдық ұйым тіркелген. Бүгінгі таңда азаматтық секторда жұмыспен қамтылғандар саны 25 мыңға жуық адамды құрайды.