19.12.2022 _ 17:08

Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады.

Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.