21.12.2022 _ 09:10

Былтыр қабылданған шаралар ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканы 19,75% деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік берді

Қазақстанның ұлттық даму жоспарында көлеңкелі экономиканы 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 15% деңгейіне дейін төмендету міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін Үкімет 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарды бекітті, ол 54 тармақтан тұрады, Мемлекеттік кірістер комитеті 26 іс-шара бойынша негізгі орындаушы, 14 іс-шара бойынша бірлесіп орындаушы болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов хабарлады.
Былтыр қабылданған шаралар  ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканы 19,75% деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік берді


Оның айтуынша, бүгінде 20 тармақ орындалды. 


«Біздің құзыретіміздегі негізгі бағыттар:  салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру; заңсыз бизнестен жұртшылықтың мүддесін қорғау; қолайлы бизнес орта құру. 2021 жылы қабылданған шаралар 2020 жылмен салыстырғанда 0,5 п.п. төмендеумен, ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканы 19,75% деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік берді», - деді спикер.