21.12.2022 _ 09:20

Барлық кедендік декларациялар электрондық түрде ұсынылады

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі тауарларды өткізудің бүкіл тізбегі бойынша бақылау жүргізуге бағытталған ақпараттық жүйелер кешені болып табылатын Ұлттық қадағалау жүйесіне негізделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов хабарлады.


Құжаттамалық қадағалау Астана-1 және «Виртуалды қойма» модулі бар Электрондық шот-фактуралар жүйелерінде және тауарды онлайн-БКМ арқылы айналымнан шығарумен жүргізіледі.


«Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік тазарту үшін қажетті кедендік қызметтер мен рұқсат беру құжаттары автоматтандырылған. Барлық кедендік декларациялар электрондық түрде, АСТАНА-1 жүйесі арқылы ұсынылады. Айта кету керек, контрафактілік өнімнің жолын кесу бойынша Кедендік бақылау тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, «Зияткерлік меншікті бақылау» модулі арқылы жүзеге асырылады. Тауарларды декларациялау кезінде жүйе кедендік тазартуды автоматты түрде тоқтатады және лауазымды тұлғалар құқық иелерінің құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.