21.12.2022 _ 09:40

18 мыңға жуық салықтық, 2 мыңнан астам кедендік тексеру жүргізілді

Бүгінде 18 мыңға жуық салықтық тексеру аяқталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп. Оның себебі дебиторлармен өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері және ЕАЭО мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер санының ұлғаюы болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 562 млрд теңге қосымша есептелді, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 296 млрд артық. Сонымен қатар 2 354 кедендік тексеру жүргізілді. 149 млрд теңге кедендік төлемдер мен салықтар қоса есептелді, бұл өткен жылдан 128 млрд теңгеге артық.   

«Процестік шешімін қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне жалпы сомасы 160 млрд теңгеге 134 салықтық және кедендік тексерулер бойынша материалдар жіберілді. Камералдық бақылау нәтижесінде 286 мыңға жуық хабарлама қалыптастырылды, есептелді – 496 млрд, өндіріліп алынды – 377 млрд», - деді спикер.