21.12.2022 _ 09:50

Қытай Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көлемінде 1-орында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов 2022 жылғы 10 айдағы Қазақстан – Қытай айна статистикасына тоқталды.

«Қытай Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көлемінде 1-орын. Бұл ретте Қытайдың сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі Қазақстанның үлес салмағы 0,5% құрайды. ҚР деректері бойынша тауар айналымының көлемі 19,7 млрд АҚШ доллары, ал Қытайдың деректері бойынша – 25,6 млрд АҚШ доллары, алшақтық - 5,9 млрд АҚШ долларын құрайды. ҚХР деректерін ұлғайту жағына 23,2%. Қазақстанның Қытайдан импорты - 8,6 млрд. ҚХР-ның ҚР-ға экспорты - 13,0 млрд, алшақтық - 4,4 млрд. Бұл 33,9%. Өткен жылға қарағанда бұл алшақтық шамамен 7%-ға төмендеді», - деді комитет төрағасы.