21.12.2022 _ 09:55

Жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша 687 сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды

ҚҚС әкімшілігіндегі маңызды жетістік жалған мәмілелер мен қолма-қол ақша схемаларына қатысатын қауіпті компанияларды жедел анықтау болды. ЭШФ жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді.

«Оның барысында нәтижелері бойынша айналымы 7,5 трлн теңге болатын жалған мәмілелерге 9 мың қатысушының қызметі анықталды және шектелді. Осы тұлғаларға қатысты жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша 687 сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды. Тұтастай алғанда, Комитет 2020 жылдан бастап салық төлеуден жалтару схемаларын анықтау шеңберінде жалған айналым сомасы 1,2 трлн теңге болатын 4,5 мың заңды тұлғаны анықтады, олар бойынша кейін тіркелуі жарамсыз деп танылған «жалған» тұлғаларға ресімделді», - деді Жанәлінов.


Бұдан басқа, сенімсіз компаниялардың контрагенттерін сатып алушыларды әкімшілендіру шеңберінде айналым сомасы 609 млрд теңгеге 5 482 мәміле жарамсыз деп танылды.