Оның айтуынша, жоба 4 аймақтан мың баланы қамтыды. «Жанды сабақтар» жобасы аясында көкірегі ояу, танымы терең, жан-жақты, әр нәрсеге көңіл бөлгіш, ой түйгіш балалар саны артып, осы бағыттағы жұмыс белсенді жалғасуда.
«Ата-аналар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізу және демалысқа жұмсайтын шығынын азайту, сондай-ақ ішкі туризмді насихаттау мақсатында іске қосылған министрліктің ерекше жобаларының бірі – Kids Go Free. Ол – балалар әуе билетін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасын қарқынды өткізуде. Бұл жоба биыл тұңғыш рет қолға алынып, болашақта сұранысқа ие болады деген ойдамыз. Туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау шеңберінде республика аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде бүгінгі таңда мыңнан астам бала қамтылды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады», - деді спикер.
Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді дамыту мен дәріптеу бойынша жұмыстар жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүргізілді. Мәселен, Алматы облысында 300 баланы қамтитын, тау және жаяу жүру туризміне арналған «Жоңғария» республикалық туриадасы өткізілді. Жаз айларында балалар археологиясы бойынша жобалар, «Ауылдағы апта», әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылып, 2000-ға жуық бала осы іс-шаралармен қамтылды.