22.12.2022 _ 12:30

Швейцариялық Roche Holding AG компаниясы ісікке қарсы препараттар өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды

KAZAKH INVEST проактивті тәсілмен жұмыс істейді және инвестицияларды тартудың әрбір кезеңін қадағалап отырады. Биылғы маңызды оқиғалардың ішінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов Svevind неміс-швед компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Бұл зауыт жобалық қуаты 2 млн тонна жасыл сутекті құрайтын әлемдегі ең ірі зауыттардың біріне айналады, бұл Еуроодақ қажеттілігінің 1/5 бөлігін жабуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру арқылы құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 3500 жұмыс орны және 1800 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Швейцариялық Roche Holding AG компаниясы ісікке қарсы препараттар өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды

«Сондай-ақ Alstom ірі француз машина жасау компаниясының жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР ИИДМ жұмыс тобы құрылды, өңірлердің ЖАО-мен қолайлы жер учаскелерін іріктеу мәселелері бойынша бірқатар консультациялар мен келіссөздер жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау шаралары және инвестициялар туралы келісім жасау мәселелері бойынша алдын ала консультациялар сериясы басталды. 2022 жылғы қарашада Мемлекет басшысының Францияға сапарының экономикалық күн тәртібі шеңберінде базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Инвестордан кейіннен ОМО және ұйымдармен келісу үшін инвестициялар жөніндегі келісімнің алғашқы жобасы алынды. Мемлекет басшысының big pharma-ны тарту жөніндегі тапсырмасы аясында үлкен жұмыс жүргізілуде. Швейцариялық Roche Holding AG компаниясы ісікке қарсы препараттар өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. Біз big pharma компанияларын тартуды жалғастырамыз», - деді спикер.