23.12.2022 _ 14:30

Қазақстанда педиатр-дәрігерлер тапшылығы 200-ге жуық маманды құрайды

Оның ішінде 100-ге жуығы – неонатологтар. Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Балалар жылын қорытындылай келе, балалар денсаулығының кадрлық әлеуеті туралы айтып берді.

«Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде педиатриялық бейіндегі 2640 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде - 773 неонатолог. Биыл 198 балалар маманы бітірді. Қазіргі уақытта балалар профилі мамандықтары бойынша 548 резидент білім алуда. Биыл «Балалар хирургиясы», «Неонатология», «Педиатрия», «Онкология және балалар гематологиясы» мамандықтары бойынша резидентураға мемлекеттік тапсырысты бөлу 292 білім беру грантын құрады», - деді денсаулық сақтау вице-министрі.