23.12.2022 _ 14:45

Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі орфандық дәрілік заттардың 40 атауымен толықтырылды - денсаулық сақтау вице-министрі

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 2022 жылы 18 жасқа дейінгі 622 мың бала 121 ауру бойынша 34 млрд теңге сомасына қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник ОКҚ алаңында балалар ауруларын емдеуді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы хабардар етіп, Балалар жылын қорытындылады.
Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі орфандық дәрілік заттардың 40 атауымен толықтырылды - денсаулық сақтау вице-министрі

«Орфандық дәрілік заттармен қамтамасыз етуге келсек, Министрліктің бұйрығымен Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі аурулар бойынша пациенттерді қамтамасыз ету үшін 40 атаумен толықтырылды: жұлынның бұлшық ет атрофиясы, Дюшен бұлшық ет дистрофиясы, кистозды фиброз, эпилепсия және т. б. Орфандық аурулар бойынша 8 мыңнан астам пациент қамтамасыз етілді», - деді В.Дудник. 

Қазақстан ДДҰ-ның бала емізуді насихаттау жөніндегі ұсынымдарын ұстанатынын атап өтіп, денсаулық сақтау вице-министрі медициналық және әлеуметтік белгілео болған кезде өмірдің бірінші жылында балалар бейімделген сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етілетінін айтты. В. Дудниктің айтуынша, бұл үшін жылына орта есеппен 3 млрд теңге бөлінеді.