23.12.2022 _ 15:15

Сығырлық және бүкірлік. ДСМ өкілдері оқушылардың басты «ауруларын» атады

Мектеп медицинасы МСАК жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты мектеп кезеңіндегі ауруларды ерте анықтау және алдын алу болып табылады. Қазақстанда барлығы 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 млн бала оқиды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, бүгінде мектептердің медициналық пункттерінде 7 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 200 дәрігер еңбек етеді.

«1 оқушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі 19%-ға ұлғайтылып, 654 теңгені құрады. Нәтижесінде қаржыландырудың жалпы көлемі 27 млрд теңгеге дейін артты. Оқушыларды кәсіби тексеру нәтижелері бойынша көру органдарының патологиясы, жүйке-психикалық аурулар және дене мүсінінің бұзылуы көп тіркеледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.