26.12.2022 _ 11:30

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша жалпы ақпаратты қамтитын мәліметтер Әділет департаменттерінің сайттарында жарияланған

Құқықтық кеңес түріндегі көмек дәстүрлі түрде ауызша және жазбаша консультациялар түрінде, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ресми блог-платформасына, «сұрақ-жауап» айдарына өтініштер беру арқылы интерактивті түрде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың CALL-орталықтарының және мақсатты тегін білікті заң көмегін көрсету болып табылатын құқықтық ақпараттық қызмет көмегімен көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.

Құқықтық көмектің маңызды түрлерінің бірі барлық мемлекеттік органдардың құқықтық ақпараттандыру жөніндегі жұмысы болып табылады.

«Әділет министрлігінің және Әділет департаменттерінің сайттарында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша жалпы ақпаратты қамтитын мәліметтер жарияланған. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасыларда балаларды асырауға алимент өндіріп алуға байланысты мәселелер бойынша азаматтық процесте адамдарға тегін көмек көрсету көзделеді. Бұл ретте құқықтық кеңес беру кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекет кепілдік берген заң көмегі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдарға, азаматтық іс бойынша талапкер немесе жауапкерге, әкімшілік іс шеңберінде талапкерге, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, ақталушыға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жәбірленушіге қорғау және өкілдік ету түрінде көрсетіледі», - деді вице-министр.


Аталған адамдар тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан, ҚР аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы.