26.12.2022 _ 12:20

Конституциялық іс жүргізуде адвокаттар мен заң консультанттары азаматтардың өтініштерін қарау кезінде өкіл бола алады

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі институтын дамытудың басым бағыттарының бірі – конституциялық іс жүргізу. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Конституциялық сот өз жұмысын бастайды. Биыл 5 қарашада Конституциялық Сот туралы Конституциялық заң қабылданды, оған сәйкес конституциялық іс жүргізуде адвокаттар мен заң консультанттары азаматтардың өтініштерін қарау кезінде өкіл бола алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова хабарлады.

Сондай-ақ Конституциялық заңда адвокаттың немесе заң кеңесшісінің еңбекақысы бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегі институтын конституциялық іс жүргізуге таратудың алғышарттары бар.

«Конституциялық заңның ережелерін іске асыру үшін Әділет министрлігі осындай көмек алудың тиісті тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Азаматтардың конституциялық бақылау органына тікелей жүгіну институтының жаңалығын және тұтастай алғанда Конституциялық Соттың жаңалығын ескере отырып, мұқият талдау мен қаржылық есептеулер жүргізу қажет», - деді спикер.


Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға толықтырулар енгізу жөнінде тиісті шаралар қабылданады.