27.12.2022 _ 08:21

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Шымкент қаласы кәсіпорындарының басшыларымен әзірленіп жатқан мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына түзетулерді талқылады

Шымкентке жұмыс сапары аясында Дәурен Кеңбеил қаланың бірқатар ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында және «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан бірқатар өндірістерді аралады, сондай-ақ азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында сатып алу ережесіне түзетулерді және «Мемлекеттік сатып алу туралы» әзірленіп жатқан жаңа Заң жобасын қарастырып, талқылады.

Кездесуден соң вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Жеке қабылдауда мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты көтерілген мәселелерге жауаптар беріліп, түсіндірілді.

Сонымен қатар, вице-министр Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға барды: «Аzala cotton», «АГФ групп», «Бал текстиль, «QAZALPACK» және «ЕВРО Кристалл» ЖШС-і.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Шымкент сити» ауданындағы Конгресс-холл құрылысының барысымен танысты.