27.12.2022 _ 11:30

БҚДА: 118 монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды

Биыл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанда бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында актілері, әрекеттері заңдылықты бұзуға әкеп соғатын, бәсекелестікті шектейтін немесе жоятын белгісіз топтың құқықтарын бұзатын тұлғаларға ден қою шараларын қабылдай отырып, кешенді шаралар қолға алынуда. Бұл туралы ведомство төрағасының орынбасары Болат Самбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

«Осы жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы орган нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың атына 442 хабарлама шығарды, оның 330-ы орындалды. Айта кетейік хабарлама ескерту ретінде пайдаланылады. Бұл кәсіпкерлерге бұзушылық белгілерін өз еркімен жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, оларды монополияға қарсы тергеп-тексеру орбитасына тартпайды. Сонымен қатар 118 монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды. Оның 95-і әлі жүргізілуде», - деді спикер.