27.12.2022 _ 11:50

Салалық министрліктер бәсекелестікті дамытумен нақты айналысатын болады. БҚДА осындай көрсеткіштерді бекітуді көздеп отыр

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің маңызды жұмысы кедергілерді жою болып табылады. Жоспарлы талдаулар жүргізуден бөлек, бизнеспен консультативтік-кеңесші орган құрылды. Кедергілер бойынша кеңестер өткізіледі, онда бизнестен нарыққа кіру кедергілерінің болуы туралы белгілер алынады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомство төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді.

«Осы жұмыс аясында біз осы жылы медициналық қызметтер, тауар биржалары және әуежай қызметтері нарығындағы 10 кедергіні жойдық. Атап айтқанда, қажетті мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар үшін денсаулық сақтаудың өңірлік перспективті жоспарына кіруді шектейтін талаптарды енгізу туралы талап алынып тасталды; иммунологиялық зерттеулерге лицензиясы болған кезде АИТВ-диагностикасына қосымша лицензия алу қажеттілігі алынып тасталды;  жеке зертханалардың коронавирустық инфекцияға талдау жүргізу жөніндегі қызметі заңдастырылды, олар соңғы 2 жыл бойы мұнымен заңнан тыс айналысып келген; мұнай өнімдерін жеткізушілерге олардың биржалық сауда-саттыққа қол жеткізуі үшін қойылатын талаптар азайтылды; отандық дәрілік заттарды жеткізушілерге мемлекеттен сатып алуға кепілдік беріледі. Бәсекелестікті дамыту бойынша ұсынылатын іс-шараларды іске асыру бойынша көріп отырғанымыздай, барлық мемлекеттік органдар бәсекелестікті дамыту бойынша ұстанымға ие бола бермейді; мемлекеттік операторларды құру жөніндегі шешімдер басым; нарықтарды қатаң мемлекеттік реттеу бойынша, бұл бизнесті және бәсекелестікті дамыту үшін қиындықтар туғызады. Мемлекеттік органдардың жұмысы мен ұстанымын бәсекелестікті дамыту мәселелеріне қарай бұру үшін біз бәсекелестікті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік салалық органдардың жол карталарын бекітуді көздейтін тетік әзірледік, оның шеңберінде мемлекеттік органдар тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытатын болады. Бұдан басқа, әрбір салалық министрлік үшін бәсекелестікті дамыту көрсеткіштерін бекіту көзделген, ол бәсекелестікті дамыту, бизнес үшін қолжетімділікті шектеуді алып тастау мәселелерімен нақты айналысады», – деп түйіндеді спикер.