27.12.2022 _ 14:30

Көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

2020 жылдан бастап табысына қарамастан көп балалы отбасыларға жәрдемақы төленіп келеді. Бұл төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға төленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

«Төлем мөлшері балалар санына қарай сараланады: биыл 4 бала үшін 50 975 теңге, 5 баласы бар отбасыларға 63 727, 6 баласы бар отбасыларға 76 479, 7 балаға 89 231 т.с.с. Сондай-ақ көп балалы отбасыларға бюджеттен 337 млрд теңге қарастырылған, оны орта есеппен шамамен 498 мың отбасы алды. Көп балалы аналардың беделін арттыру үшін «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы да тағайындалады. Қазіргі уақытта оның мөлшері 20 352 теңгені құрайды. Бүгінгі күні 229 мың анаға жәрдемақы тағайындалып, оларға 55,8 млрд теңге берілді», - деді вице-министр.