27.12.2022 _ 15:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлайды ҚР Президентінің Баспасөз қызметі.
фото Пресс-служба Президента РК

Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді. 

Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.