29.12.2022 _ 10:10

Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету. Үкімет 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚК және Ұлттық ұланның ұшу құрамының лауазымдық жалақысын көтеруді мақұлдады

Қорғаныс министрлігі тұрақты негізде еңбекақы төлеу жүйесін жақсарту және әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ҚК әскери қызметшілерінің лауазымдық айлықақысын арттыру 2023 жылы орташа 60%-ды құрайды. Сонымен қатар ҚР ҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшілерінің лауазымдық айлықақысын 20%-ға арттыру күтілуде. . Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов хабарлады.

Сонымен қатар Әскери қызметшілердің әлеуметтік қолдалуын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.  

«Осыған байланысты Үкімет 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қарулы Күштер мен Ұлттық ұлан ұшқыштар құрамының лауазымдық айлықақысын арттыру; әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай үлесін азаматтық медицина мекемелері медицина қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне жеткізу; жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін арттыру; төтенше жағдай салдарын жою кезінде Ұлттық ұланмен және Ішкі істер министрлігімен ұқсастығы бойынша 3 еселенген ақшалай қамтылым мөлшерінде төлемді арттыруды мақұлдады. Сондай-ақ қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мынадай мәселелерді: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қарулы Күштердің қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамы лауазымдарының тарифтік санатын және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша айлықақыны 30%-ға арттыруды; әскери қызметте 25 жыл еңбек сіңірген жылы болған кезде келісімшарт мерзімі өткеннен кейін әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылы үшін зейнетақы төлеміне құқық беруді; 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге мемлекеттік базалық зейнетақыға құқық беруді; 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін әскери қызметке шақырылған және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған зейнеткерлерге шығарылған сәттен бастап жыл сайынғы индекстеуді ескере отырып, зейнетақыны индекстеуді; жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ гарнизондарда және шетелге кететін әскери қызметшілердің жұбайына жұмыс орнын сақтау мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеуді пысықтауда», - деді спикер.