29.12.2022 _ 15:38

Отандық сарапшылар Қала құрылысы кодексін сапалы әзірлеу үшін күш біріктіреді - ҚР ИИДМ

Қазақстан Республикасының Қала құрылысы кодексін әзірлеу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) бас шаһарда «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ мен Қазақстан жобалаушыларының республикалық одағының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Оның барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев қатысушыларға осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, сондай-ақ жоғарыда аталған кодексті әзірлеу кезінде өзекті мәселелерге байланысты ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу қажет екенін айтты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар аталған заңнамалық актіні сапалы әзірлеу мақсатында күш біріктіруге келісті.