30.12.2022 _ 11:10

Жыл қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 18 млн тоннаны құрайды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифингте ведомствоның 2022 жылғы қызметінің қорытындылары және Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде 2023 жылы саланың даму перспективалары туралы хабардар етті. Оның мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 84 млн тонна деңгейінде күтілуде, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 96,5% - ды құрайды.
Жыл қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 18 млн тоннаны құрайды

«Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі Қашаған кен орны «Болашақ» зауытындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына, Қарашығанақтан газ жеткізілетін Орынбор газ өңдеу зауытының тоқтауларына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстарына байланысты. 2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары – 90,5 млн тонна, экспорт бойынша – 71 млн тонна. Жыл қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 18 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға артық. Мұнай өнімдерін өндіру 13,7 млн тонна немесе 2021 жылмен салыстырғанда 108,3% деңгейінде күтілуде», - деді министрі.  


Жоспарлы жөндеулерге байланысты барлық 3 ірі мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өңдеу мен өндірудің тиісінше 0,6% және 2,2%-ға шамалы төмендеуі күтілуде.